Жер салығы, көлік құралдары салығы және мүлік салығы бойынша Декларацияны жасау ережелері (700.00-нысан) (ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006.13.12. № 637 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР  Қаржы министрлігі  2007 жылғы 19 желтоқсандағы  № 468  бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2006 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 637 бұйрығымен бекітілген

 

Жер салығы, көлік құралдары салығы және мүлік салығы
бойынша Декларацияны жасау ережелері
(700.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 12, 13, 14-бөлімдеріне сәйкес әзірленген және салық төлеушілердің жер салығын, көлік құралдары салығын және мүлік салығын есептеу мен уақтылы төлеуіне арналған Жер салығы, көлік құралдары салығы және мүлік салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

2. Декларация Декларацияның өзінен (700.00-нысан) және жер салығы, көлік құралдары салығы және мүлік салығы ережелерімен байланысты бойынша салық салумен байланысты объектілер және салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (700.01-700.03 нысандары) тұрады.

3. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта-қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;

2) электронды тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

5. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көз толтырылмайды.

6. Қосымшаларда көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша берілмейді.

7. Қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі.

8. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы тор көзінде « - » белгісімен белгіленеді.

9. Декларацияны беру кезінде:

1) Декларация қағаз түрінде келу тәртібінде екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.