Корпорациялық табыс салығы бойынша есеп жасау ережелері (121.00-нысан) (ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006.13.12. № 637 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР  Қаржы министрлігі  2007 жылғы 19 желтоқсандағы  № 468  бұйрығымен  2008 ж. 1 қаңтардан   бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің Салық

комитеті Төрағасының

2006 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 637 бұйрығымен бекітілген

 

Корпорациялық табыс салығы бойынша есеп жасау ережелері
(121.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістерді, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын орналастырудан кірістерді мәлімдеуіне және ай қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды.

2. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, және өшіруге жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде   “-” белгісімен белгіленеді.

6. Есепті беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) Салық кодексінің 69-бабы 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Есепті қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

7. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

 

 

2. Есепті жасау (121.00-нысан)

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.