ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2007 ж. 26 маусымдағы № 428 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы
өтінішті жасау ережелері (302.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қосылған құн салығын дұрыс есептеу мен уақтылы қайтаруға арналған Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы өтінішті (302.00-нысан) (бұдан әрі - Өтініш) жасау тәртібін айқындайды
2. Өтініш қағаз тасығышта жасалады және қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады.
3. Өтінішті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге, тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде Өтініштің тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Өтініш қағаз тасығышта келу тәртібімен табыс етіледі және екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен қосылған құн салығын төлеушіге қайтарылады.
6. «Қосылған құн салығын төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректер көрсетеді:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;