Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы өтінішті жасау ережелері (322.00-нысан) (ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006.13.12. № 637 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР  Қаржы министрлігі  2007 жылғы 19 желтоқсандағы  № 468  бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2006 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 637 бұйрығымен бекітілген

 

Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар,
қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн
салығын бюджеттен қайтару туралы өтінішті жасау ережелері
(322.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) жасау тәртібін айқындайды.

2. Өтінішті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта-Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

3. Өтінішті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге, тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде Өтініштің тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Өтінішке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

6. Өтінішті қағаз тасығышта келу тәртібінде екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық органына қайтарылады.

 

 

2. Өтініш-322.00-нысанын жасау

 

7. «Жалпы ақпарат» бөлімінде келесі деректер көрсетіледі:

1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) Өтініштің жасалған күні;

3) грант алушының немесе орындаушының аты-жөні немесе атауы;

4) ол бойынша грант берілген халықаралық шарт деректемелері (атауы, нөмірі мен күні);

5) бөлінген грант мақсаттары;

6) қосымша нысан парақтарының саны;

7) Өтініш түрі - негізгі, қосымша - тиісті тор көзде белгі жасалады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.