ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен бекітілген
Есептелген салық сомасынан есепке жатқызуға жатқызылатын
қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару туралы өтінішті
жасау ережесі (392.00-нысан)
(Салық кодексін енгізуге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға
келісім-шарттар бойынша салық режимінің тұрақтылығы нормаларына
сәйкес салық төлеушілер жасайды)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже олар үшін жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар бойынша салық режимінің тұрақтылығы нормаларына сәйкес есептелген салық сомасынан есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару көзделген салық төлеушілердің Есептелген салық сомасынан есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару туралы өтінішті жасау тәртібін айқындайды.
2. Өтініш қағаз тасығышта жасалады және қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа белгілермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады.
3. Өтінішті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде Өтініштің тиісті ұяшықтары толтырылмайды.
5. Өтінішке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
6. Өтініш қағаз тасығышта келу тәртібінде тапсырылады және екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен қосылған құн салығын төлеушіге қайтарылады.
7. «Қосылған құн салығын төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;