«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 Қаулысы
(2006.27.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 16 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Жоспардың іске асырылуы жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 10 қаңтарға және 10 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шілдеге қарай Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының