«Табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының нысанды
киім үлгілерін (погонсыз), оны кию тәртібін және онымен оларды
қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және
аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы
15 желтоқсандағы № 274 бұйрығы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының нысанды киім үлгілерінің (погонсыз) сипаттамасы;
2) Табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының нысанды киім (погонсыз) кию ережесі;
3) табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.
2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.