(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 3 АҚПАНДАҒЫ № 131 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауiпсiздiгi тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға
арналған iс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысы

(2006.22.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 ж. 20 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы туралы" 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi Жоспар) бекітілсiн.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар:

1) Жоспарда белгiленген iс-шаралардың тиiсiнше әрi уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;

2) жылына екі рет, 20 қаңтарға және 20 шiлдеге Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Жоспар iс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жылына екi рет, 10 ақпанға және 10 тамызға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспар iс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

ҚР Үкіметінің 2006.22.05. № 436 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 3 ақпандағы

№ 131 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға

арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасын

iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған

iс-шаралар жоспары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.