Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны жасау ережесі (130.00-нысан) (ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006.13.12. № 637 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР  Қаржы министрлігі  2007 жылғы 19 желтоқсандағы  № 468  бұйрығымен  2008 ж. 1 қаңтардан   бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2006 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 637 бұйрығымен бекітілген

 

Корпорациялық табыс салығы бойынша
декларацияны жасау ережесі
(130.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоғамдық мүддеде қызметін жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сәйкес келетін пәтер (үй-жайлар) иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтынушы кооперативтерді қоспағанда, депозиттер бойынша сыйақылар, грант, кіру және мүшелік жарналары, кондоминиум қатысушыларының жарналары, қайырымдылық көмегі, өтеусіз берілген мүлік, коммерциялық емес ұйымдарға өтеусіз негізде аударымдар мен қайырымдылықтар түріндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға шарт бойынша алынған кірістерді мәлімдеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды:

1) осындай ретінде кірісті алу мақсаты жоқ;

2) қатысушылар арасында алынған таза кірісті немес мүлікті бөлмейді.

2. Декларация Декларацияның өзінен (130.00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер және салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (130.01 - 130.28 нысандары) тұрады.

3. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 

4. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшіруге жол берілмейді.

5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды.

6. Қосымшаларда көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берілмейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.