Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы «2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде іске асырылатын бағдарламаларды өңірлік қолдау) - Қазақстан» жөніндегі қаржылық келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1333 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар
комиссиясы арасындағы «2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша
ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде іске асырылатын
бағдарламаларды өңірлік қолдау) - Қазақстан» жөніндегі қаржылық келісімге
қол қою туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1333 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы «2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде іске асырылатын бағдарламаларды өңірлік қолдау) - Қазақстан» жөніндегі қаржылық келісімнің жобасы оған Қазақстан Республикасы Үкіметінің түсіндіруі туралы мәлімдемесімен бірге мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Виктор Васильевич Супрунға Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы «2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде іске асырылатын бағдарламаларды өңірлік қолдау) - Қазақстан» жөніндегі қаржылық келісімге оған Қазақстан Республикасы Үкіметінің түсіндіру туралы мәлімдемесімен бірге қол қоюға өкілеттік берілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

К. Мәсімов