«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 20 Қаулысы (2009.27.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы
№ 273 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 20 Қаулысы

(2009.27.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығын және бекітілген мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысында Мемлекет басшысы белгілеген әкімшілік реформаны жүргізу қағидаттары мен әдістерін қатаң басшылыққа алсын.

2. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығын іске асыру жөніндегі жұмыс кестесі (бұдан әрі - жұмыс кестесі) бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

4. ҚР Үкіметінің 2009.27.01. № 64 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)

5. ҚР Үкіметінің 2009.27.01. № 64 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)

6. Жұмыс кестесінің уақтылы және сапалы орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2007 жылғы 15 қаңтардағы

№ 20 қаулысымен

Бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығын іске асыру жөніндегі жұмыс кестесi