Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация жасау ережесі (160-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен Бекітілген) (күші жойылды)

ҚР  Қаржы министрлігі  2007 жылғы 19 желтоқсандағы  № 468  бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2006 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 637 бұйрығымен

Бекітілген

 

Корпорациялық табыс салығы
бойынша декларация жасау ережесі
(160-нысан)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер жер қойнауын пайдаланушы - резидент заңды тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың кірістерді мәлімдеуге және корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды, (170-нысанды) Декларациясын толтыратын жер қойнауын пайдаланушылардан басқа.

2. Декларация Декларацияның өзінен (160-нысан) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ашуға оған қосымшалардан (160.01-ден 160.41 нысандар бойынша) тұрады.

3. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - нысандар айналмалы немесе қауырсын қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, тазартуға, былғауға жол берілмейді.

5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысанның тиісті торкөздері толтырылмайды.

6. Қосымшаларда көрсетілуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берілмейді.

7. Тиісті қосымша нысанда көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде аталған қосымша нысандар міндетті тәртіпте толтыруға жатады.

8. Қосымша нысандардың «Жалпы ақпарат» бөлімінде тиісті қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштері көрсетіледі.

9. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол  торкөзінде « - » белгісімен көрсетіледі.

10. Декларацияны беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - нысандар екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.