Қазақстан Республикасы Yкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 79 Қаулысы
(2008.19.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2007 жылғы 2 ақпандағы
№ 79 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.14.09. № 808 Қаулысымен жоспар 14-1, 14-2 тармақтарымен толықтырылды (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.02.02. № 89 (бұр.ред.қара); 2008.26.06. № 615 (бұр.ред.қара); 2008.19.09. № 866 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары
ҚР Үкіметінің 2008.02.02. № 89 Қаулысымен ескертпе толықтырылды
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Мәдениетмині - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
ЕК - Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті.
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Үкіметінің
2007 жылғы 2 ақпандағы
№ 79 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесi
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2006-2007 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1421 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 408 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 43-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 ақпандағы № 138 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 61-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 және 2006 жылғы 9 ақпандағы № 94 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 маусымдағы № 508 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 207-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 шілдедегі № 712 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 295-құжат).