Судьяның кәсіптік міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті төрағасының 2007 жылдағы 17 қаңтардағы № 15-П, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірінің 2007 жылдағы 17 қаңтардағы № 18 Бірлескен бұйрығы
ҚР Сот әкімшілігі басшысының 2025 жылғы 25 ақпандағы № 1 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 13 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын іске асыру мақсатында бұйырамыз:
1. Судьяның кәсіптік міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. Судья лауазымына үміткерлерді медициналық ұйымдар медициналық куәландыру жүргізу кезінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.
3. Қазақстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасына және Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне осы бұйрықты қолдану үшін жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары М.Т. Таймерденовке және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі К.Т. Омаровқа жүктелсін.
5. Қазақстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынылсын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.