«Судьяның кәсiптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтіретін ауруларының тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2025 жылғы 25 ақпандағы № 1 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 13 бірлескен бұйрығы

Судьяның кәсiптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтіретін ауруларының тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2025 жылғы 25 ақпандағы № 1 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 13 бірлескен бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Судьяның кәсiптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтіретін ауруларының тiзбесi бекітілсін.

2. Медициналық ұйымдар судья лауазымына үміткерлерге медициналық куәландыру жүргізу кезінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.

3. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының 2007 жылдағы 17 қаңтардағы № 15-п және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 17 қаңтардағы № 18 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4541 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бірлескен бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

«Келісілді»:

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

«Келісілді»:

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

«Келісілді»:

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2025 жылғы 25 ақпандағы № 13 мен

Қазақстан Республикасының

Сот әкімшілігінің басшысы

2025 жылғы 25 ақпандағы

№ 1 бірлескен бұйрығымен

бекітілген

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.