2007 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы
ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының
2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 303 шешімі
(2007.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 433 хатымен күші жойылды
ІІІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты шешім етті:
ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІІ сессиясының 2007.15.01. № 324; XXІХ сессиясының 2007.02.04. № 329 (бұр. ред. қара); XXXІ сессиясының 2007.03.07 № 371 (бұр.ред.қара); XXXІ сессиясының 2007.20.07 № 380 (бұр.ред.қара); ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ІІ сессиясының 2007.10.09 № 07 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда; ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ІІІ сессиясының 2007.11.10. № 17 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының IV сессиясының 2007.31.10. № 24 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Алматы қаласының 2007 жылға арналған бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай мөлшерде бекітілсін:
1) кірістер - 226 077 002 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 141 175 399 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2 753 252 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 22 270 000 мың теңге;
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - 59 878 351 мың теңге;
2) шығындар - 231 341 295 мың теңге;
3) операциялық сальдо - - 5 264 293 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - - 1 354 256 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 354 256 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1 266 018 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 2 028 111 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 762 093 мың теңге;
6) бюджет тапшылығы - - 5 176 055 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 5 176 055 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 6 544 900 мың теңге;
қарызды өтеу - 7 446 395 мың теңге;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 6 077 550 мың теңге