2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын
іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемi
Республикалық бюджет комиссиясының 2006 жылғы
11 желтоқсандағы № 19 шешіміне сәйкес көзделген
және тиісті қаржы жылына арналған
"Республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын
(нақтыланатын) болады.
Күтілетін 2010 жылға қарай Астана, Алматы және Павлодар
нәтижелер қалаларында 3 өңірлік кардиохирургиялық
орталықтың құрылысын аяқтау; 2007 жылы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің "Марат Оспанов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы"
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
базасында қажетті жабдықтармен толық
жарақтандыра отырып, өңірлік кардиохирургиялық
орталық ашу; 2007 жылы Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
"Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу
институты" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнын қазіргі заманғы жабдықтармен
жарақтандыру; 2007-2009 жылдары
кардиохирургиялық көмек көрсететін республикалық
клиникаларды кардиохирургиялық әрекеттер
жүргізуге арналған шығыс материалдарымен
қамтамасыз ету; 2007 жылы - 6, 2008 жылы - 4
және 2009 жылы - 3 облыс орталығында оларды
кардиохирургиялық әрекеттерді жүзеге асыруға
арналған қажетті жабдықтармен жарақтандыру
арқылы облыстық (қалалық) ауруханалар мен
кардиологиялық диспансерлердің
базасында кезең-кезеңмен кардиохирургиялық
бөлімшелер ашу; 2007-2009 жылдары жеңілдіктi
жағдайда амбулаториялық кардиологиялық
сырқаттарды дәрілік препараттармен қамтамасыз
ету есебінен тиімді кардиологиялық және
кардиохирургиялық қызмет құрылатын болады.
Кардиохирургиялық төсектерді 2005 жылғы
101 төсектен 2007 жылы 271 төсекке дейін, 2008
жылы 351-ге дейін, 2009 жылы 411-гe дейін және
2010 жылға қарай 660 төсекке дейін ұлғайту
есебінен халыққа кардиохирургиялық көмектің
көлемі мен қол жетімділігі ұлғайтылатын болады.
Кардиохирургиялық операциялардың санын 2005
жылғы 838-ден 2007 жылы 2126-ға, 2008 жылы
3476-ға, 2009 жылы 5000-ға және 2010 жылы
16200-ге дейін ұлғайту есебінен халықтың
кардиохирургиялық көмектің барлық түрлеріне
сұранысы қанағаттандырылатын болады.
Шетелдік кардиохирургиялық клиникаларда
кардиохирургиялық бейінді 168 маманды, оның
ішінде 2007 жылы 100 маман, 2008 жылы 34 маман
және 2009 жылы 34 маман даярлау, жұмыс істеп
тұрған кардиохирургиялық клиникалар базасында
2007 және 2008 жылдарда кардиохирургиялық
бейінді мамандарды даярлау және қайта даярлау
үшін алдыңғы қатарлы шетелдік кардиохирургиялық
бейінді мамандарды (кардиологиялық
бригадаларды) шақыру, сондай-ақ аудандық және
қалалық емханаларды 2007 жылы 300 кардиолог
дәрігермен толық жинақтау есебінен
кардиологиялық қызметті кадрлармен қамтамасыз
ету проблемасы шешілетін болады.
Халықтың ҚЖА-дан өлім-жітімінің көрсеткішi
100 мың халыққа шаққанда 2005 жылғы 535,0-тен
2007 жылы 524,3-кe, 2008 жылы 497,6-ға, 2009
жылы 470,8-ге дейін және 2010 жылы 100 мың
халыққа шаққанда 454,7-ге дейін төмендейтін
болады.
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» даму стратегиясымен мемлекет негізгі ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі ретінде азаматтардың денсаулығы мен салауаттылығы айқындады.
Қанайналым жүйесінің аурулары (бұдан әрі - ҚЖА) соңғы ширек ғасырда Қазақстан Республикасы халқының мүгедектігі мен өлім-жетімі себептерінің арасында бірінші орын алып отыр, бұл республикада кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті жетілдіру жөнінде тиімді шаралар қабылдаудың қажеттілігін білдіреді.
Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінде өткен кеңестердің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 24-5/007-437, 2006 жылғы 14 қазандағы № 24-5/007-469 және Қазақстан Республикасының Yкіметі мәжілісінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 17 хаттамалық шешімдерін іске асыру мақсатында әзірленді.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту жөнінде шұғыл шаралар қабылдауға бағытталған.
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1354 Қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Қанайналым жүйесінің негізгі ауруларының салдарынан халықтың аурушаңдық, мүгедектік пен өлім-жітім көрсеткіштері бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да тоқтаусыз өсу үрдісі болып отыр.
Осыған байланысты бұл тек өзекті ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәні бар проблема болып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДҰ) деректері бойынша ҚЖА салдарынан болатын Қазақстан Республикасының халқы өлім-жітімінің стандартталған көрсеткіші Еуропа өңірі елдеріндегі мұндай көрсеткіштен 2 есе жоғары (100 мың халыққа шаққанда тиісінше 867,9 және 448,0).
Соңғы 10 жылдағы Қазақстан Республикасы халқының ҚЖА-мен аурушаңдығы тоқтаусыз өсу үрдісіне ие және ол 1,7 еседен астам өскен. 1996 жылы ол 100 мың халыққа шаққанда 1038,1-ді құраса, 2001 жылы 100 мың халыққа шаққанда 1396,4-ті, 2002 жылы 100 мың халыққа шаққанда 1984,4-ті, 2003 жылы 1754,3-ті, 2004 жылы 1845,1-ді, 2005 жылы 100 мың халыққа шаққанда 1749,1 адамды құрады.
Тиісінше осы кезеңде ҚЖА-мен ауыратындардың жалпы саны да өскен. Республиканың емдеу ұйымдарында тіркелген ҚЖА-мен ауыратын сырқаттардың жалпы саны 1996 жылы 923 830 адамды, 2001 жылы 1 004 966 адамды құраса, 2005 жылы 1 301 603 адамды құрады.
2005 жылы ҚЖА-мен тіркелген сырқаттардың жалпы саны Қазақстан Республикасының барлық халқы санының 8,6%-ын құрағанын атап өткен жөн.
Соңғы 10 жылда ҚЖА-мен ауыратын сырқаттардың және халықтың аурушаңдығының абсолюттік санының ұлғаюымен қатар Қазақстан Республикасы халқының ҚЖА-дан өлім-жітімі де ұлғаюда. Егер 1996 жылы ол 100 мың халыққа шаққанда 484,2-ні, 2001 жылы 100 мың халыққа шаққанда 494,6-ны, 2002 жылы 100 мың халыққа шаққанда 511,1-ді, 2003 жылы 100 мың халыққа шаққанда 539,0-ды, 2004 жылы 100 мың халыққа шаққанда 517,7-ні құраса, 2005 жылы 100 мың халыққа шаққанда 535,5-ті құрады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша ҚЖА-дан қайтыс болған сырқаттардың саны 81111 адамды құраған. Бұл ретте қайтыс болғандардың арасында 18-ден 64 жасқа дейінгі адамдардың немесе еңбекке қабілетті жастағы адамдардың (халықтың экономикалық белсенді бөлігінің (бұдан әрі - ЭБХ) үлесі 2005 жылы 31,6% немесе абсолюттік санмен 25591 адамды құраған.
Халықтың мүгедектігі себептерінің нозологиялық спектрінде ҚЖА бірінші рангті орын алады.
ҚЖА-дан бастапқы мүгедектік деңгейі бойынша өңірлер арасында Оңтүстік Қазақстан (100 мың халыққа шаққанда 150,1), Маңғыстау (100 мың халыққа шаққанда 150,1), Солтүстік Қазақстан (100 мың халыққа шаққанда 113,9), Батыс Қазақстан (100 мың халыққа шаққанда 117,0), Қарағанды (100 мың халыққа шаққанда 116,3) облыстары және Алматы қаласы (100 мың халыққа шаққанда 118,5) бірінші орын алып келеді.
ЭБХ арасында ҚЖА-дан мүгедектік көрсеткіші тұтастай республика халқының көрсеткішіне қарағанда айтарлықтай жоғары болған. 2005 жылы бұл көрсеткіш ЭБХ арасында 100 мың халыққа шаққанда 104,6-ны құраған, ал тұтастай барлық республика халқының көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 52,8-ді құрады.
Сондай-ақ республика бойынша жалпы өлім-жітім құрылымындағы ҚЖА-дан қайтыс болу жағдайларының үлес салмағы 1996 жылы 49,6%-дан және 2001 жылы 49,7%-дан 2005 жылы 51,6%-ға дейін өскенін атап өту керек.
Халықтың аурушаңдығын тіркеу сырқаттардың емдеу-алдын алу ұйымдарына жүгінуі бойынша ғана жүргізілетіндіктен, келтірілген статистикалық деректер халықтың ҚЖА-дан аурушаңдығы жөніндегі нақты жағдайды толық көрсетпейді.
Осыған байланысты ҚЖА-мен аурушаңдық бойынша республикада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы неғұрлым нақты түсінік алу үшін ҚЖА-мен ауыратын сырқаттардың ұлттық тіркелімін енгізу қажет.
ҚЖА-дан өлім-жітімге әкелетін аурулардың арасында үлес салмағы 2001 жылғы 35%-дан 2005 жылы 43%-ға дейін артқан жүректің ишемиялық ауруы (бұдан әрі - ЖИА) бірінші орынды алады.
ЖИА-мен ауыратын сырқаттардың қайтыс болу себебі көпшілік жағдайларда миокардинфаркті болып табылады, бұл миокардинфарктінің алдын алу мен ҚЖА-дан халықтың өлім-жітімін төмендету тұрғысында медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде кардиологиялық қызметті одан әрі дамыту мен жетілдіру қажеттілігін білдіреді.
ЖИА-мен ауыратын сырқаттарды емдеудің тиімді жолдарының бірі миокардты реваскуляризациялаудың қазіргі заманғы әдістерін (эндоваскулярлық баллонды ангиопластика және коронарлық артерияларды стенттеу, қолқа-коронарлық шунттау) қолдану арқылы жасалатын кардиохирургиялық операциялар болып табылады.
ДДҰ-ның және алдыңғы қатарлы әлемдік кардиологиялық және кардиохирургиялық практика деректері бойынша ҚЖА-дан өлім-жітімді нақты төмендету 1 млн. халыққа есептегенде миокардты реваскуляризациялау бойынша жылына 1000-нан астам операция жасалған кезде ғана мүмкін болады.
Әлемдік статистика деректері бойынша дамыған елдерде жаңа медициналық технологияларды әзірлеу мен енгізуге 20 жылға жуық уақыт кеткен. АҚШ-та «Салауатты адамдар - 2000» бағдарламасының шеңберінде 1994 жылы кең қоғамдастықтың көмегімен және әр түрлі ұйымдардың ынтымақтастығы кезінде "Штаттар деңгейіндегі іс-қимыл жоспары. Жүрек-қан тамыры ауруларынан өлім-жітімнің және еңбекке жарамсыздықтың алдын алу" бағдарламасы әзірленген.
Осы бағдарламаның шеңберінде 250-ден астам кардиохирургиялық клиника ашылған, оларда бүгінгі таңда жыл сайын 1 млн. халыққа шаққанда 600-ден астам қолқа-коронарлық шунттау операциялары жасалады.
75 миллионнан астам халқы бар Түркияда 200-ден астам кардиохирургиялық клиника жұмыс істейді. Жыл сайын жүрекке 60000-ға жуық операция жасалады.
Кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметті дамытуға, әсіресе интервенциялық кардиологияны дамытуға Германия және Ұлыбритания сияқты дамыған елдерде де аса көңіл бөлінеді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы бұл елдерде ҚЖА-дан халықтың өлім-жітімін елеулі азайтуға қол жеткізуге мүмкіндік берген. Осылайша Германияда халықтың өлім-жітімі 100 мың халыққа шаққанда 307,2-гe, Ұлыбританияда 100 мың халыққа шаққанда 258,0-ге төмендеген.
Шет елдердің оң тәжірибесі жұмыс істейтін мамандандырылған клиникалардағы кардиологиялық және кардиохирургиялық практикаға енгізіле бастады және ол Қазақстан Республикасындағы жағдайларға табысты бейімделе алады.
Қазақстанда бүгінгі таңда ЖИА-мен ауыратын 305 697 сырқат тіркелді, олардың ішінде 14 954 адам операциялық емдеуге (қолқа-коронарлық шунттау (бұдан әрі - ҚКШ) - 3974 сырқат, стенттеуге - 10 980 сырқат) мұқтаж. 2005 жылы республикалық кардиохирургиялық орталықтарда 171 стенттеу және 175 ҚКШ орындалған, ағымдағы жылдың 11 айында 246 стенттеу және 255 ҚКШ, 2007 жылға 696 стенттеу мен 255 ҚКШ орындау жоспарланып отыр.