Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытындының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортанды қорғау министрінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 43-ө Бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 343 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 14) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытындының нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің мәліметіне жеткізілсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Н. Ысқақов |
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 13 ақпандағы
№ 43-ө бұйрығымен бекітілді
Міндетті экологиялық аудит жөніндегі
қорытындының нысаны
200__ жылғы «___» ____________ № ______
_________________________________басшысына
(аудитке жататын субъектінің аты-жөні немесе
толық атауы (жеке немесе заңды тұлға)
СТН (ЖСН, БСН)*______________________________
Табиғат пайдаланушының тіркеу нөмірі**_______