«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды
деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 Қаулысы
(2006.30.06. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 23 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Заңын
іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.