«Темір жол көлігінің объектілері және жүктерді тасымалдау жағдайлары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы № 43 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 101 Бұйрығы (күші жойылды)

«Темір жол көлігінің объектілері және жүктерді тасымалдау жағдайлары жөніндегі
санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы
№ 43 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 101 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 476 бұйрығымен күші жойылды

 

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Темір жол көлігінің объектілері және жүктерді тасымалдау жағдайлары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 3720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2006 жылғы сәуір, №5-6, 212 - құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларында:

9-тармақ мынадай мазмұндағы 1) - 22)  тармақшалармен толықтырылсын:

«1) салқындатылған және суытылған еттер жіліктеліп, жарты жіліктерге және төрттен бір бөліктерге бөлініп, бір-біріне, еденге және вагон қабырғасына тимейтіндей етіліп, бақанға ілініп жайылған күйінде салқындатқышы бар вагондармен тасымалдануы тиіс;

2) жіліктелген сиыр етін, қой етін салқындатқышы бар вагондарға және салқындатқышы бар контейнерлерге тиеу кезіндегі еттердің температурасы минус 8 ºС-тан жоғары болмауы, шандыр еттердің және жартылай дайын өнімдер және құс еттерінің  температурасы минус 12 ºС, механикалық бөлшектелген тұтас құс еттері және тұтас еттердің температурасы минус 18 ºС болуы тиіс;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.