Темір жол көлiгіндегі объектiлер мен жүктердi тасымалдау жағдайы
жөніндегі санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 3 ақпандағы № 43 Бұйрығы
(2007.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 3 тамыздағы № 587 Бұйрығымен күші жойылды
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабының 10) тармақшасына және 17 - бабының 1) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жүк вагондарын техникалық қарау пункттерiн күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»;
2) «Темір жол станцияларындағы санитарлық-карантиндік тұйықтардың аумағын күтiп-ұстауға және карантин енгізу кезінде вагондарды медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»;
3) «Темір жол көлiгіндегі жүктердi тасымалдау жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормалары бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Б.С. Байсеркин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінiң Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В. Акрачкова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникация
министрі
_________________ А. Мамин
Денсаулық сақтау министрлігінің
2006 жылғы 3 ақпандағы № 43
бекітілген