ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 3 тамыздағы № 587 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
2006 жылғы 3 ақпандағы № 43
бекітілген
«Темір жол станцияларындағы санитарлық-карантиндік тұйықтардың аумағын күтіп- ұстауға және карантин енгізу кезінде вагондарды медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық-эпидемиологиялық ережесi мен нормалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер және нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) темір жол станцияларындағы санитарлық- карантиндік тұйықтардың (одан әрі - тұйық) аумағын күтіп-ұстауға және карантин енгізу кезінде вагондарды медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді және барлық меншік түріндегі заңды және жеке тұлғаларға арналған.
2. Қызметі тұйықтармен байланысты заңды және жеке тұлғаларға арналған санитарлық ережелер.
3. Осы санитарлық ережелерде төмендегі терминдер қолданылған:
1) карантинді аурулар - бұл карантиндік іс - шараларды өткізуге қарсы болып табылатын тиімді алдын алу іс - шараларының бірі, жоғарғы жұқпалылық пен өлім - жітімді сипаттайтын топтық ауру;
2) санитарлық-карантинді тұйық - карантинді аурумен ауырған адаммен қарым-қатынаста қатынаста болған жолаушыларды вагонымен оқшаулауға арналған темір жол төсеміндегі учаске.
2. Тұйықтың аумағын күтіп-ұстауға, құрылғыларына және жабдықтарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
4. Тұйықтарды ұйымдастыру темір жолдағы тасымалдаумен айналысатын бөлімшелердің аумақты санитарлық қорғау бойынша жасалатын жоспарларында қарастырылуға тиіс. Тұйықта адамдардың болу ұзақтығы бір тәуліктен аспау керек, ерекше жағдайда 36 сағаттан артық емес. Тұйықтардың орналасатын орны темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен санитарлық-карантинді тұйықты ашу сызбасына сай ашылуы және келісілуі керек (осы санитарлық ережедегі 1 қосымша).