Темір жол көлігі объектілеріне және жүктерді тасымалдау жағдайларына санитариялық ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 3 тамыздағы № 587 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, 145-бабының 1), 2), 3), 10), 11), 13) 14) 16), 18), 26), 28), 29) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жүк вагондарын техникалық қарау пункттеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Санитариялық-карантиндік тұйыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелер бекітілсін.