ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2010 жылғы 3 тамыздағы
№ 587 бұйрығына 3-қосымша
«Темір жол станцияларындағы санитариялық-карантиндік тұйыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Темір жол станцияларындағы санитариялық-карантиндік тұйыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері (бұдан әрі - санитариялық ереже) санитариялық-карантиндік тұйықтың күтіп-ұстауға және пайдалануға, аумаққа, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге, тұрмыстық қызмет көрсету және тамақтану жағдайларына, тұтыну қалдықтарын жинақтауға, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларын ұйымдастыруға, кәріздеуге, жарықтандыруға, медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар белгілейді.
2. Осы санитариялық ережеде мынадай термин пайдаланылған:
санитариялық-карантиндік тұйық (бұдан әрі - тұйық) - эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша карантинді және аса қауіпті аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда жолаушылары бар вагонды оқшаулауға және қоюға арналған темір жол төсеміндегі учаске.
2. Күтіп-ұстауға және пайдалануға, аумаққа, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге, тұрмыстық қызмет көрсету және тамақтану жағдайларына, тұтыну қалдықтарын жинақтауға, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларын ұйымдастыруға, кәріздеуге, жарықтандыруға, медициналық қамтамасыз етуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
4. Тұйық жол бөлімшелерімен - «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы АҚ-нің» станциядағы филиалдарымен станцияны санитариялық қорғау бойынша жоспарлармен көзделеді.
Тұйық осы санитариялық ереженің 1-қосымшасына сәйкес ашылады.
Тұйыққа санитариялық паспорт беріледі.