«Мал азығын өндіру саласын дамыту жөніндегі
іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2007 жылғы 2 ақпандағы № 82 бұйрығы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы Аграрлық өнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде мал азығын өндіру саласын дамыту мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мал азығын өндіру саласын серпінді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мал шаруашылығы және Егіншілік департаменттеріне жүктелсін.
Министр | А. Есімов |
Ауыл шаруашылығы министрлінің
2007 жылғы 2 ақпандағы № 82
бұйрығына қосымша
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік
реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасының
агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған
тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы Аграрлық өнеркәсіптік кешенін
тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын
іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі
шаралар бағдарламасын іске асыру жөніндегі шеңберінде мал азығын
өндіру саласын дамыту іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындалу мерзімі |
|
| |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
|
1 | «Жерді мелиорациялау және тоғамдардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық, Су кодекстеріне өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заң жобасын әзірлеу | «Жерді мелиорациялау және тоғамдардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық, Су кодекстеріне өзгерістер енгізу туралы» ҚРЗ жобасы | ҚР АШМ Су ресурстары комитеті | 2007 жылдың 4 тоқсанында |
|