«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы
бойынша декларация табыс етудің нысандары мен ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы
№ 16 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 439 бұйрығымен күші жойылды
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ бензинге (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынына салынатын акциздерді әкімшілендіруді жақсарту мақсатында бұйырамын:
1. Мыналар:
1) 1-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларация табыс етудің ережесі;
2) декларациялардың мынадай:
2-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерін өндіру бойынша;
3-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу бойынша;
4-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу бойынша нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Н.Қ. Рахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Н.Қ. Рахметовке жүктелсін.
4. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын декларациялау нысандарын, ережелері мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 365 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2544 болып тіркелген, «Официальная газета» газетінде 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 50 (155) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Н. Коржова |
Қаржы министрінің
2007 жылғы 29 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына 1-қосымша