«Алматы қаласы базарларының қызметін кешенді тексеру өткізу жөніндегі қалалық комиссия құру туралы»
Алматы қаласының әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы № 90-ө Өкімі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысымен және басқа Қазақстан Республикасы заңнамалар актілерімен бекітілген Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру ережесіне сәйкес Алматы қаласының сауда базарларын сәйкестікке келтіру мақсатында:
1. Алматы қаласы базарларының қызметін кешенді тексеру өткізу жөніндегі қалалық комиссия құрылсын (бұдан әрі комиссия).
2. Комиссия құрамы бекітілсін (Қосымша).
3. Комиссиялар:
1) Алматы қаласының сауда базарлары Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес болуын тексерсін;
2) тексеру нәтижесі бойынша және Алматы қаласының сауда базарларының қызметі туралы материалдарды қарай келіп Алматы қаласының сауда базарларын оңтайландыру жөніңдегі ұсынысын енгізсін;
3) қайта жабдықтауға жататын сауда базарлары олардың аяқталу мерзімі көрсетіліп анықталсын.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі | И. Тасмағамбетов |
2005 жылғы 23 наурыздағы
№ 90-Ө өкіміне
қосымша
Алматы қаласы базарларының қызметін кешенді тексеру өткізу жөніндегі қалалық комиссия құрамы
Қайрат Ахмадиұлы Бүкенов | Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары, төраға |