«Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2007 жылғы 9 ақпандағы № 54 Бұйрығы (күші жойылды)

Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2007 жылғы 9 ақпандағы № 54 Бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 554 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

Н. Хадыркеев

 

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман және аңшылық шаруашылығы

комитеті төрағасының

2007 жылғы 9 ақпандағы

№ 54 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи ресурстарын пайдалануы мақсатында оларды пайдалану тәртібін регламенттейді.

2. Осы Ереже республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылады.

3. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи ресурстарын пайдалануына белгіленген күзет режиміне байланысты:

1) әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды;

2) қорықтың күзет режимі бар орындарын қоспағанда, осы үшін арнайы бөлінген жерлерде жанама орман пайдалануды (жабайы жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, дәрі-дәрмектік шөптерді әуесқойлық мақсатта жинау, ара ұялары мен омарталар орналастыру, марал өсіру);

3) арнайы бөлінген учаскелерде шөп шабу мен мал жаюды жүзеге асыру мақсаттарында жол беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.