«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың
2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 209 Қаулысы
(2009.10.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдар:
1) Жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылына екі рет 10 қаңтарға және 10 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жылына екі рет 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2009.10.11. № 1803 қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 наурыздағы
№ 209 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты
дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары
Ескертпе:
*бағдарламаны іске асыру үшін қажет бюджет қаражатының көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
IIМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi
Мәдениетмині - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Біліммині - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігi
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі.