Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы
2 ақпандағы № 44 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 Бұйрығымен күші жойылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Хадыркеев |
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетінің
2007 жылғы 2 ақпандағы № 44
бұйрығымен бекітілген
Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда болу тәртібін реттейді.
2. Осы Ереже республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мына түрлеріне қолданылады:
табиғат қорғау мекемелері - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;
мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары - мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер (бұдан әрі - табиғат қорғау кәсіпорындары);