«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 229 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 229 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі 

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

 

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

деген жолдағы «атқарушы директорының міндетін атқарушы» деген сөздер «басқармасының төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;

 

 

деген жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

2) «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 873 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

2 және 4-тармақтарда:

«Палымбетов Болат Әбілқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;»;

5-тармақта:

«Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Ерғожин Дәулет Eділұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;»;

3) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 885 қаулысында:

1-тармақта:

«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі - Болат Әбілқасымұлы Палымбетовті»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі - Виктор Васильевич Супрунды».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.