«Қазына» орнықты даму қоры» акциоиерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 Қаулысы (2008.08.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

«Қазына» орнықты даму қоры» акциоиерлік қоғамы директорлар кеңесінің
құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 Қаулысы

(2008.08.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін;

екі ай мерзімде үшінші тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

                                            Қазақстан Республикасы

                                                  Үкіметінің

                                             2006 жылғы 2 мамырдағы

                                                 № 347 қаулысына

                                                        қосымша

 

ҚР Үкіметінің 2006.14.09. № 865; 2007.03.02. № 80 (бұр. ред. қара) ; 2007.26.03 № 229   (бұр. ред. қара); 2007.12.09. № 797 (бұр.ред.қара); 2007.24.09. № 829 (бұр.ред.қара); 2008.28.03 № 298 (бұр.ред.қара); 2008.08.09. № 826 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен қосымша өзгертілді

 

«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы

директорлар кеңесінің құрамы

 

 

Сұлтанов               - Қазақстан Республикасының Экономика және

Бақыт Тұрлыханұлы        бюджеттік жоспарлау министрі