«Алматы қалалық бір жолғы талонды беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі құру туралы»
Алматы қаласының әкімдігінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 7/1326 қаулысы
(2007.29.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасыың «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заныңа сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алматы қалалық бір жолғы талонды беру басқармасы» ММ құру (әрі қарай - Мекеме).
Алматы қаласының Әкімдігінің 2007.29.03 № 2/422 Қаулысымен 2 тармақ өзгертілді
2. Мекеме туралы ұсынылған Жарғыны бекіту.
3.Мекеменің мемлекеттік басқару органы Алматы қаласы Қаржы департаменті болып белгіленсін,
4.Алматы қаласы Қаржы департаменті (А.Н. Абдыкадырова) Алматы қалалық әділет органдарында заңнанамен белгіленген тәртіпте Мекемені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
5.Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаненті (Л.А. Васильева) осы қаржы жылына Мекемені жергілікті бюджеттен қаржыландыруды алдын ала ескерсін,
6. Алматы қалалық Салық комитеті (Баеділов К.Е.) (келісіммен) Мекемені белгіленген үлгідегі бланкілер бір жолғы талондармен қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулынын орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары К.А. Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі | И.Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | Қ.Тәжиева
|
Әкімдігінің 2006 жылғы
9 қарашадағы № 7/1326
БЕКІТІЛГЕН
«Алматы қаласының бір жолгы талондарды беру жөніндегі басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
Осы Жарғы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» № 142-II Заңына сәйкес дайындалды және бекітілді.
1. Жалпы ережелер
1. «Алматы қаласының бір жолғы талондарды беру женіндегі басқармасы» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) - коммерциялық емес ұйым, ол Алматы қаласының базарларында қызметті жүзеге асыратын адамдарға, кезендік сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарға бір жолғы талондарды беру және тіркеу үшін құрылған, оның занды мәртебесі бар.