«Қазақстан Республикасы министрліктерінің және Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару агенттігінің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 тамыздағы № 730 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері таратылсын.
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Мемлекеттік органдар тарату комиссияларын құрсын және таратқаннан кейін қалған мүлікті одан әрі пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын және осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының