«Жер құқық қатынастарын реттеу салалары бойынша Алматы қаласының
мемлекеттік уәкілетті органдарының қызметі жайлы кейбір мәселелері туралы»
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 2/211 қаулысы
(2007.10.01. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес, Алматы қаласының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласының Жер комиссиясын құрсын.
2. Қосымшаларды бекітсін:
1) Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы Ережесін;
2) Комиссия құрамы;
3) Алматы қаласының Жер комиссиясы қорытындысы үлгісін.
3. Алматы қаласы Әкімдігінің «Алматы қаласының қала құрылысы комиссиясы туралы» 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 1/228 қаулысының күші жойылды деп табылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
| Алматы қаласының Әкімі | И.Тасмағамбетов |
| Әкімдік хатшысы | К.Тәжиева |
Алматы қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 12 сәуірдегі
№ 2/211 қаулысымен
Бекітілді
Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласының Жер комиссиясы (одан әрі мәтін бойынша «Комиссия») жер учаскелерге құқық беру, жер учаскелерді сату немесе жер учаскелеріне жалдау құқығын беру және Алматы қаласында мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерді алу жөніндегі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің ережелерін орындауда (орындау мақсатында) құрылды.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдылықтарын және осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комиссия Алматы қаласы әкімдігі қаулысымен Алматы қаласы Мәслихатының депутаттарынан, қала әкімдігінің өкілінен (өкілдерінен), Алматы қаласының жер қатынастары басқармасынан, Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы Департаменті және басқа тұлғалардан құрылады.
Комиссия құрамына Комиссия төрағасы, оның орынбасары, Комиссия мүшелері кіреді.
Комиссияның төрағасы Алматы қаласы Әкімдігінің бірінші орынбасары болады.