«2007-2010 жылдарға арналған «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 67-ө Өкімі

2007-2010 жылдарға арналған «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік
негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 наурыздағы
№ 67-ө Өкімі

 

2007-2010 жылдарға арналған «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру мақсатында:

1. Қоса беріліп отырған 2007-2010 жылдарға арналған «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы:

1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) ай сайын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2007 жылғы 26 наурыздағы

№ 67-ө өкімімен

бекітілген

 

2007-2010 жылдарға арналған «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік

негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

Ескертпе:

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi

ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi

ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi

Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi

«Қазына» ОДҚ» АҚ - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы