2007-2010 жылдарға арналған «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік
негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 наурыздағы
№ 67-ө Өкімі
2007-2010 жылдарға арналған «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған 2007-2010 жылдарға арналған «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы:
1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) ай сайын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 26 наурыздағы
№ 67-ө өкімімен
бекітілген
2007-2010 жылдарға арналған «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік
негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескертпе:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
«Қазына» ОДҚ» АҚ - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы