Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы
ҚР Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 7, 76-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2007 жылғы наурыздың 21-і.
№ 299
Президентінің
2007 жылғы 21 наурыздағы
№ 299 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ДОКТРИНАСЫ
МАЗМҰНЫ
2. Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің әскери-саяси негіздері
2.1. Әскери-саяси жағдайды дамыту болжамы
2.2. Қазақстанның әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясаты
3. Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің әскери-стратегиялық негіздерi
3.1. Әскери жанжалдардың сипаты
3.2. Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдану негіздерi
3.3. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басшылық жасау
4. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
әскери-экономикалық және әскери-техникалық негіздерi
4.1. Әскери-экономикалық және әскери-техникалық қамтамасыз
етудің мақсаттары, принциптері, міндеттері мен бағыттары
4.2. Экономиканы жұмылдыра даярлау
4.3. Қазақстан Республикасының резервтер жүйесі
5. Қазақстан Республикасының халықаралық әскери ынтымақтастығы