Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейтудің
табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және
аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 15 ақпандағы № 67 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 Бұйрығымен күші жойылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 20-бабын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейтудің табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. А. Хадыркеев |
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетінің
2007 жылғы 15 ақпандағы
№ 67 бұйрығымен бекітілген
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және
техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 20-бабына сәйкес республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастыру және олардың әр түрлерінің жұмыс істеуі жөнінде негізделген шешімдер қабылдау мақсатында әзірленді.