«Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны
қорғау» бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 7.5.1-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 1-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар жылына екi рет 20 қаңтарға және 20 шiлдеге Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгіне Бағдарлама iс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жылына екі рет 10 ақпанға және 10 тамызға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары А.С.Есiмовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының