2007 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы
Солтүстік Қазақстан Петропавл қалалық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 2 шешімі
(2007.11.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 85 бабына, Қазақстан Республикасының «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, 2007-2009 жылдарға арналған Петропавл қаласының орта мерзімдік фискалдық және әлеуметтік - экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспары өлшеміне сәйкес, Петропавл қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Петропавл қалалық мәслихатының 2007.18.01. № 1; 2007.11.04. №1 (2007.01.01 күшіне енеді) (бұр. ред. қара); 2007.14.07 №2 (бұр. ред. қара); 2007.11.10. № 1 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2007 жылға арналған Петропавл қаласының бюджет көлемі 1 қосымшаға сәйкес мына көлемдерде бекітілсін:
1) түсімдер - 7480378 мың теңге, соның ішінде:
салық түсімдері - 3958916 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер -18353 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсімдер - 1865158 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 1637951 мың теңге;
2) шығындар - 7456014 мың теңге, соның ішінде бюджеттен алынған - 116821 мың теңге;
3) операциялық сальдо 24364 мың теңге;
4) таза бюджеттік несие беру - 0 мың теңге, сосың ішінде бюджеттік кредиттері - 0 мың теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
5) қаржылық активтермен операциялар жөнінде сальдо - 42278 мың теңге;
6) бюджеттік тапшылық (профицит) - 17914 мың теңге;
7) бюджеттік тапшылықты (профицитті қолдану) қаржыландыру 17914 мың теңге.
Бюджеттік қаражат қалдықтарының қозғалысы - 609914 мың. теңге;
Петропавл қалалық мәслихатының 2007.18.01. № 1 шешімімен 1-1-тармақпен толықтырылды
1.1 7 қосымшаға сай бюджеттік бағдарламалар бойынша қалалық бюджет шығыстарына, жыл басына қалыптасқан қалалық бюджеттік қаржының бос қалдықтары есебінен бөлінсін
Петропавл қалалық мәслихатының 2007.18.01. № 1 шешімімен 1-2-тармақпен толықтырылды