2007 жылға арналған Петропавловск қаласының бюджеті туралы 2006 жылғы 21 желтоқсандағы Петропавл қалалық
мәслихатының 29 сессиясының № 2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан Петропавл қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 1 шешімі
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-П Бюджеттік кодексінің 111,116 баптарына, «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 27/2 облыстық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 10 сәуірдегі облыстық мәслихат сессиясының № 29/4 шешіміне сәйкес, 2007 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы» 2006 жылғы 21 желтоқсандағы қалалық мәслихаттың № 29/2 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақшасындағы «6474234» сандары «6677902» сандарымен ауыстырылсын;
«3291302» сандары «3373530» сандарымен ауыстырылсын;
«15639» сандары «16239» сандарымен ауыстырылсын;
«1588986» сандары «1684158» сандарымен ауыстырылсын;
«1578307» сандары «1603975» сандарымен ауыстырылсын;
«ресми» сөзі алынып тасталынсын;
2) тармақшасындағы «6484148» сандары «6676816» сандарымен ауыстырылсын;
3) тармақшасындағы «-9914» сандары «1086» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшасындағы «8000» сандары «19000» сандарымен ауыстырылсын;
2. 2 тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес 2007 жылға арналған қалалық бюджеттің кірістерін қалыптастыру мынадай салықтық түсімдер есебінен белгіленсін:
жеке табыс салығы;
заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
жер салығы;
заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық;
республикалық бюджетке аударылатын акциздерден басқа акциздер;
жер учаскелерін пайдаланғандары үшін төлемдер;
республикалық бюджетке аударылатын алымдардан басқа, кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар;
республикалық бюджетке аударылатын мемлекеттік баждар мен консульдық алымнан басқа мемлекеттік баждар».
3. 7 тармақтағы «5968» сандары «24968» сандарымен ауыстырылсын;
«4268» сандары «23268» сандарымен ауыстырылсын.
4. 10 тармақтағы «25883» сандары «33223» сандарымен ауыстырылсын.