«Орал қаласы бойынша 2007 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 563 қаулысы (күші жойылды)

Орал қаласы бойынша 2007 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 563 қаулысы

 

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 969 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 «Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 149 «Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын (тіркеу № 2930) орындау үшін, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын кәсіпорындардың тізбесі, еңбекақы мөлшері мен қаржы көзінің тізбесі бекітілсін (1 қосымша).

2. Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі, еңбекақы мөлшері мен қаржы көзінің тізбесі бекітілсін (2 қосымша).

3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Е. Абулхатин) нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.