Орал қаласында төлем ставкаларын белгілеу туралы
Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 27 ақпандағы № 40 шешімі
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 258, 330, 332, 338, 373, 394, 491 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 15 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. №1 қосымшаға сәйкес базарда тауарын сататын жеке және заңды тұлғаларға біржолғы талондардың төлем ставкалары белгіленсін.
2. №2 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 373 бабына сай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің түрлерінің тізбесіне сәйкес біржолғы талондардың төлем ставкасы белгіленсін.
3. №3 қосымшаға сәйкес жергілікті маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарына берілген жолақта орналасатын сыртқы (визуальды) жарнаманы орналастыруға төлем ставкалары белгіленсін.
4. №4 қосымшаға сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін салық салу нысанының бірлігіне тіркелген жиынтық салық ставкалары белгіленсін.
5. №5 қосымшаға сәйкес ойын бизнесінің нысандарына акциз ставкалары белгіленсін.
6. №6 қосымшаға сәйкес жер салығының ставкалары белгіленсін.
7. Орал қалалық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 39-14 «Орал қаласында төлем ставкаларын белгілеу туралы» шешімі жойылсын.
8. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияға (Қ.Х. Қапанов) жүктелсін.
Орал қалалық мәслихатының XL кезекті сессиясының төрағасы |
М.Қ. Берген |
Орал қалалық мәслихатының хатшысы | Ә.Қ. Истелюев |
2007 жылғы 27 ақпандағы
№ 40 шешіміне
№1 қосымша
Базарда тауарын сататын жеке және заңды тұлғаларға біржолғы
талондардың төлем ставкалары
№ |
Сауда базарының атауы |
Базарлардың мамандандырылуы | Бір күнге біржолғы талондардың құны(айлықесеп көрсеткішінен %) |