Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 87-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 11 сәуірдегі
№ 87-ө өкімімен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі