Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының
2007 жылғы 5 наурыздағы № 93 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 299 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 80-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2006 жылғы наурыз-сәуір, № 3-4, 207-құжат, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3714 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 6 маусымдағы № 132 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Төраға |
|
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының
2007 жылғы 5 наурыздағы
№ 93 бұйрығымен
бекітілген
Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды,
пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және ормандарды молықтыру мен орман өсіруге арналған орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру тәртібін реттейді.
2. Орман тұқымдарын дайындау тұрақты орман тұқымы базасы объектілерінде (ТОТБ) жүзеге асырылады, ал олар жетіспеген жағдайда қалыпты екпелерде тұқым дайындауға жол беріледі.
Орман тұқымдарын кемістігі бар екпелерден және кемістігі бар ағаштардан дайындауға тыйым салынады.