«Қазақстан Республикасының Үкіметі және Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АТМЭӘК) алпыс үшінші сессиясын өткізу жөніндегі келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 273 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АТМЭӘК) алпыс үшінші сессиясын өткізу жөніндегі келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 273 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі және Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АТМЭӘК) алпыс үшінші сессиясын өткізу жөніндегі келісімнің жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Тайланд Корольдігіндегі Уақытша сенімді өкілі, Қазақстан Республикасының Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиядағы Тұрақты өкілі Айдар Тасболатұлы Жүндібаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АТМЭӘК) алпыс үшінші сессиясын өткізу жөніндегі келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов