«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АТМЭӘК) алпыс үшінші сессиясын өткізу жөніндегі келісім» (Жоба) (2007 жыл 5 сәуір)

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Азия мен Тынық мұхитқа арналған
Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АТМЭӘК) алпыс үшінші сессиясын өткізу жөніндегі
келісім

 

ҚР Үкіметінің 2007.05.04. № 273 Қаулысымен мақұлданды

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК) 2006 жылғы 21 желтоқсанда Бангкок қаласында өткен, өзінің қайта жаңғыртылған алпыс екінші сессиясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі - Үкімет) АТМЭӘК-нің алпыс үшінші сессиясын (бұдан әрі - Сессия) Қазақстан Республикасының Алматы қаласында өткізу ұсынысын құптағанын және қабылдағанын,

БҰҰ да, Үкімет те Комиссияның конференциялық құрылымының жұмыс істеуіне қатысты АТМЭӘК-нің орта мерзімді шолуы туралы 2005 жылғы 18 мамырдағы 61/1 қарарына сәйкес мейлінше аз дамыған және теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер жөнінде Арнайы органның (бұдан әрі - Арнайы орган) сегізінші сессиясын Сессия алдында өткізу қажет деп санайтындығын,

БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің 1992 жылғы 22 желтоқсандағы 47/2002 қарарының 17-тармағында - шығындардың сипаты мен ықтимал мөлшері бойынша БҰҰ Бас хатшысымен кеңескеннен кейін, осымен байланысты іс жүзіндегі қосымша шығыстарды тікелей немесе жанама түрде өтеуге БҰҰ-ға келісім беріп, өз елінің аумағында сессияны өткізуге шақыру білдірген жағдайда, БҰҰ органдары өздерінің белгіленген штаб-пәтерлерінен тысқары жерлерде сессияларды өткізе алатындығын тағы да мәлімдегенін назарға ала отырып,

баяндалғандарды ескере отырып, БҰҰ мен Үкімет (бұдан әрі - Тараптар) осы Келісім 63-ші Сессия мен Арнайы органды (бұдан әрі - Сессиялар) қамтитынын атап өте отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:

 

1-бап. Сессияларды өткізудің мерзімі мен орны

 

1. Комиссияның 63-ші Сессиясы 2007 жылғы 17-23 мамырда Қазақстан Республикасы Алматы қаласында өткізілетін болады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.