«Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 316 Қаулысы

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын
іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 316 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:

1) Жоспар да белгіленген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) жылына бір рет 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жылына бір рет 10 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 19 сәуірдегі

№ 316 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі

2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ДСМ            - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

СІМ            - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

ИСМ            - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

ТСМ            - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

БҒМ            - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

АШМ            - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ЭМРМ           - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

МАМ            - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

 

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің

2007 жылғы»19 сәуірдегі

№ 315 қаулысына 

қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

 

1. "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 74-құжат).

2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 492 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 258-құжат).

3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 436 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 177-құжат).

4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қаңтардағы № 41 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 14-құжат).