Жазалау түрінде қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы № 2568 қаулысы
(2007.29.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Өскемен қаласы әкімдігінің 2008.24.07. № 9842 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттіқ басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 30 бабының 1 бөлімінің негізінде, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жазалау түрінде қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілердің тізімі бекітілсін.
2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.
Өскемен қаласының әқімі
Келісілді:
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті
басқармасының бастығының орынбасары,
әділет полковнигі
9 наурыз 2006 жылғы
№ 2568 қаулысымен бекітілген
Өскемен қаласы әкімдігінің 2007.29.03. № 27 қаулысымен тізім өзгертілді
Жазалау түрінде қоғамдық жұмыстарға
тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін
объектілер тізімі
№ р/с | Кәсіпорынның аты | Заңды мекенжайы | Жұмыс түрі |
1 | 2 | 3 | 4 |